Құранның християн дінінің дұрыстығына куәлік беретіні рас па?
Құранның християн дінінің дұрыстығына куәлік беретіні рас па?

Сұрақ: «Әли Имран» сүресінің 55 айты християн дінінің қияметке дейін дұрыс болатынын айтып тұрған жоқ па? «Сол кезде Алла: «Уа, Иса! (Сенің пайғамбарлық міндетің аяқталды), енді сені бақиға аттандырамын. Сені Өз дәргейіме көтеріп әкетемін һәм күпірлік қылғандардан құтқарып, кінәсіз, пәк екеніңді паш етемін. Сондай-ақ қиямет-қайымға дейін соңыңнан ергендердің мерейін күпірлікте қасарысқандардан үстем етемін».  

 

Жауап: Аятта зікір етілген Исаға (ә.с) ергендер – кәзіргі оны Алланың ұлы деп білетін християндар емес. Себебі қандай да бір қауымның пайғамбарына қаншалықты ергендігі оларың сол пайғамбар әкелген дінді мойындауларымен өлшенеді. Яғни, егер християндар кәзіргі қолдарындағы Матвейдің, Маркстің, Луканың, Юуаннаның інжілін емес Исаға (ә.с) түскен інжілді адамзатқа көрсете алса, жоғардағы аяттың мағынасы ортаға келер еді. Алайда дәл Исаға түскен інжіл сақталмаған. Ол Інжілді Иса (ә.с) көзі тірісінде жаздырмаған.[1] Олай болса кәзіргі таңдағы християндардың Исаға түскен інжілге еріп жүргендігінде үлкен күмән бар.

Сұрақ: Ендеше аяттағы Исаға ергендер кім болды?

Жауап: Оған шын мәнінде ергендер – Исаның көзін көрген қасындағы хауарилері және 325 жылы Никеяда өткен християн әлемінің құрылтайында «үштік сенім[2]» бекітілмей тұрып жалғыз құдайға иман етіп, Исаның (ә.с) дінін ұстанғандар. Яғни Исаны құдай емес жай пайғамбар деп сенгендер. Себебі кәзіргі інжілдің өзінде де Исаның өзінің құдай екендігін айтқан жері жоқ

Сұрақ: бірақ аталмыш аятта Исаға (ә.с) ергендердің қияметке дейін болатындығы айтылғанғой. Бұған не дейсіз?

Жауап: Мұсаға (ә.с) түскен таурат пен Исаға (ә.с) түскен інжіл қаз қалпы біздің күнімізге  жетпегенімен, қолымыздағы бұл екі кітаптың мазмұнына зер салсақ бұрынғы ханиф хақ діннің сарқыншақтарын байқауға болатын сияқты. Бұл екі кітаптан да  Құдайдың жалғыз екендігін растайтын, сондай ақ інжілден Исаның тек ғана пайғамбар екендігін шегелеп айтқан тұстарын көптеп кездестіруге болады. Бұларға бөлек тақырып арнауға болатындықтан кәзір біз бір екі мысал ғана бере кетейік. Інжілде Маркс (12/29) былай дейді: «Иса оған былай деп жауап берді: — Бәрінен ең бастысы мынау: «Тыңда, Исраил: Құдайымыз Жаратқан Ие — жалғыз Иеміз!» Бұл жерде Құдайдың жалғыз екені айтылса,

(Лұқа 7/16) да «Олар: “Арамыздан ұлы пайғамбар шықты! Құдай өз халқына назарын салды!”— деп, Құдайды мадақтай бастады»  деп, Исаның Алла тарапынан жіберілген пайғамбар екенін айтады.

 Қолымыздағы таурат пен інжілде тек бұлар емес, сол сияқты соңғы пайғамбар Мұхаммедтің (с.а.с) келетіндігін сүйіншілейтін, оның сипаттарын айтатын көптеген тағлымдар табуға болады. Содан болар Пайғамбарымызға Наджран тайпасынан келеген екі топ монахтар[3] Алла елшісімен (с.а.с) сөз таластыруға келіп,  жаңа пайғамбардың сипаттарын өздерінің кітаптарыннан тауып, аз уақытта иман еткенді. Міне аяттағы Исаға (ә.с) ергендер осылар. Міне осылардың Алла Тағала мерейін қияметке дейін үстем етіп ақыретте жәннатқа кіргізеді. Олар бізден(мұсылмандардан) және біз оларданбыз.



[1] Бұл уәжбен християндар да келіседі

[2] «Үштік сенім (әке, бала және қасиетті рух)» Исаның (ә.с) заманында болмаған. Бұл сенім Исаның көтерілгенінен кейін шамамен үш жүз жылдан кейін (325 жылы Никея құрылтайының нәтижесінде) пайда болады.

[3] Бірінші топ Наджраннан Халид ибн Уәлид қайтқанда бірге келеді. Бұл топта Қайс ибн Хусайн, Язид ибн Адил әл-Мәддән т.б болады (Ибн Һишәм)

Екінші топ өздерінің басшылары Әбу әл-Хәристің жетекшілігімен сол тайпаның бетке ұстарлары келеді (зәду әл-мәғад 3/41)

Еркебулан УмиралиевЕркебулан Умиралиев
7 ай бұрын 1041
0 пікір
Блог туралы